Қазақстанның «Бір белдеу – бір жол» бастамасын жариялаудан бір жыл бұрын транзиттік орталық болуға ниет білдіргенін атап өту керек, бұл 2012 жылғы Елбасының үндеуінде жарияланған «Нұрлы жол» бағдарламасында жасалды.
2016 жылы «Нұрлы Жол» мен ЖЖЭБ түйістіру туралы келісімге қол қою ешқандай кедергісіз өткені таңқаларлық жайт емес, бұл елдердің мүдделері толығымен сәйкес келетін сирек жағдай.
Қытайдың жоғары лауазымды шенеуніктері Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы ең жақсы кезеңді өткеру үстінде деп жиі айтады. 2015 жылы Қазақстанға қытайлық тікелей инвестиция көлемі 23,6 млрд АҚШ долларын құрады (Ресейдің ұқсас көрсеткіші – 3,4 млрд АҚШ доллары).
Осы ретте Орта Азия мен Кавказ елдерінің жалпы тауар айналымында Ресейдің үлесі бірқалыпты төмендеп келеді, ал Шығыс Азия елдерінің, негізінен Қытайдың үлесі артып келеді. Дүниежүзілік Банктің кеңесшісі Стефка Славованың айтуынша, 2000 жылы Ресейдің өңірдің тауар айналымындағы үлесі 22% құраған, ал Шығыс Азияның үлесі 6% болды. 2015 жылы Ресейдің үлесі 16% болса, Шығыс Азияның үлесі 24% болған.
Қазақстан ЖЖЭБ-нің Еуразиялық трансқұрлықтық дәлізінің үш бағытына тікелей қатысады: Балтық теңізіне шығумен, Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа, TRACECA халықаралық бағдарламасы аясында Қара және Жерорта теңіздеріне шығумен; Қытай – Қазақстан – Әзербайжан – Грузия – Түркия – Еуропа; Парсы шығанағы мен Үнді мұхитына қатынаумен Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран – Пәкістан.
Бұл бағыттарға алты маршрут бойынша шығуға болады, ал Қазақстан олардың бесеуіне қатысады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның жеке терминалы орналасқан Люньюньган портынан контейнер Алашанькоуға немесе Қорғасқа баратын пойызға тиеледі. Достық немесе Алтынкөлде (тиісті шекаралық өткелдердің қазақстандық тараптары) ол біздің контейнерлі пойызымызға қайта тиеліп, Грузия арқылы Украинаға немесе оңтүстік Еуропаға өту үшін Бакудағы паромға тиеу мақсатында Ақтау портына жөнелтіледі. Болмаса жедел және маңызды болған жағдайда ол әуежайға дейін апаратын автокөлікке қайта тиеледі. Немесе БКЛК контейнерлі пойызына (Ресей, Қазақстан және Беларусьтің Біріккен көлік-логистикалық компаниясы) тиеліп, құрлықтың еуропалық бөлігіне жіберілді. Немесе Қызылорда мен Маңғыстау арқылы Түрікменстанға, ал одан әрі Иранға кетеді (биылғы жылы қытайлық Иу қаласынан Тегеранға дейін бағытының ұзақтығы 9000 шақырымға және жеткізу күні 14 тәулікке тең Қазақстан мен Иран теміржолдарының тарихындағы алғашқы контейнерлі пойыз іске қосылды).
2014 жылдан бастап ҚТЖ компаниясы белсенді түрде шетелдерде өз порттарын аша бастады. Алғашқысы Ляньюньгандағы терминалдық-логистикалық орталық болды, мұнда «Ляньюньган порты компаниялар тобы» ЖШҚ-на 51% тиесілі, ал KTZ Express компаниясына (КТЖ еншілес ұйымы, мультимодальдық тасымалдаулар үшін арнайы құрылған) – 49%. Жобаның құны $99,3 млн құрады, оның ішіндегі $35,1 млн соманы порт құйды, $33,7 млн – KTZ Express, қалғанын қытайлық банктер несиеге берді. 2020 жылға қарай ТЛО-да контейнерлерді өңдеу көлемін 2015 жылдағы 193 мың ЖФБ (20-футтық балама) көрсеткішінен 550 мың ЖФБ дейін арттыру жоспарлануда.
KTZ Express тағы екі терминалды: Иранның теңіз портында Бандер-Аббас терминалын және литвалық Клайпеда терминалын іске қосуы тиіс. Үндістан билігімен Мундра портына қатысты келісім жасалды (жоба 2017 жылға жоспарланған). Сондай-ақ, Ресей қалаларында (Мәскеу, Екатеринбург, Новосибирск, 2017) және қытай қалаларында (Сиань, Чжаньчжоу, 2018) КЛО құру жоспарлануда.
Шымкентте, Астана мен Ақтөбеде ішкі терминал желісі белсенді дамып келеді. 2017 жылы Атырау, Орал, Ақтау, Қостанай, Павлодар және Семей қалаларында КЛО құрылысы басталады. Соңғы алты жыл ішінде Қазақстанда 1700 шақырым жаңа теміржол желілері салынды.
2012 жылдың желтоқсан айында Алтынкөл – Қорғас теміржол өткелі пайдалануға берілді, соның арқасында Қазақстанның Қытай елімен шекарасында кеңес одағындағы Достықтан басқа екінші теміржол станциясы пайда болды. Жезқазған – Бейнеу жолы (1039 км) TRACECA аясында Еуропа – Кавказ – Азия дәлізіннің негізгі маршрутын 750 шақырымға қысқартты және грузиялық-түркиялық Ахалкалаки – Карс желісімен біріктіріледі (2016 жылдың аяғында пайдалануға беріледі). Түрікменстанмен және Иранмен біріге іске қосқан Өзен – Берекет – Горган темір жолы (928 км) Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізінің жаңа тікелей тармағына айналды.
- Бұл желілерді іске қосудың әсерінен көлік шығындары 10%-дан 30%-ға дейін қысқарды, ал жеткізу мерзімдері бір тәуліктен үш тәулікке дейін қысқарды, – дейді Қазақстан Көлік қызметкерлері одағы төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко. 2016 жылдың тоғыз айында ҚТЖ жүк айналымы өткен 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 1,5 млрд тонна километрге артып, 136,9 млрд т-км құрады.
Ақтау порты кеңейтілуде. 2015 және 2020 жылдар аралығында Қазақстан көлік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және жаңғыртуға $23,7 млрд құюды жоспарлап отыр.