Қазақстандық және қытайлық шенеуніктер Жібек жолының Экономикалық белдеуі (ЖЖЭБ) тұжырымдамасы әлемге алғаш рет 2013 жылдың күзінде Астана қаласында ұсынылғанын еске алғанды жақсы көреді.
«2100 жыл бұрын қытайлық Хань династиясының елшісі Чжан Цян бейбітшілік және достастық миссиясымен Орталық Азияға екі рет сапар шеккен. Дәл осы сапарлар Қытайдың Орталық Азия елдерімен достық қарым-қатынас құруының бастамасы болып, Шығыстан Батысқа қарай Ұлы Жібек жолын ашты», – деп ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев Университетінде өткен дәрісінде тарихты еске алып сөйледі.
Кейінірек кейбір ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары осылай дей отырып, қытайлық елбасы Ресей президентіне Қытай мен Орталық Азияның Ресейдің делдалдық қызметіне мұқтаж болмаған кездері болғанын есіне салды деп топшылады.
Дегенмен, соңғы онжылдық ішіндегі ең ауқымды геоэкономикалық бағдарламаны әзірлеп отырған Қытай басшылығы әлемдік ЖІӨ үлесі 2% аспайтын ТМД елдерінде көшбасшы болуды армандады дегенге сену қиын. ЖЖЭБ-і бір бөлігіне жататын «Бір белдеу – бір жол» бастамасы ХХІ ғасырдың Теңіз жібек жолымен қатар – әлемдік сауда-саттықтың 40% бақылап отырған Тынық мұхиты серіктестігі секілді ойыншылармен бәсекеге түсетін мүлде өзге санаттағы сайыс.
Бұл әлемдік өндіріс құрылымындағы іргелі өзгерістермен байланысты деп санайды РХШжМҚА Халықаралық сауданы зерттеу орталығының директоры Александр Кнобель.
- Қатысушылардың Халықаралық тауар алмасуға жеке бір елде ғана емес, ғаламдық тізбектер шеңберінде қатысуы кеңінен тарап келеді. Осылайша, Қытайдан экспортталатын iPhone тауарының түсіміндегі қосылған құнның 1,4%-ы ҚХР-дың өзіне тиесілі (АҚШ-қа – 66%).
Мұндай жағдайда экономикалық мүдделерді көтермелеу ұлттық шекаралардағы қолдампаздықты емес, қолданыстағы тізбектерді қорғауды, оның ішінде өндіріс және сауда шығындарын азайтуды, сауда процедураларын жеңілдетуді және шекараны бірнеше рет кедергісіз кесіп өтуді қамтамасыз етуді талап етеді», – дейді ғалым.
Қытайдың сауда министрінің орынбасары Фан Айцин қыркүйек айында Сианда (алғашқы Жібек Жолы осы жерден басталған) өткен «Белдеу және жол» құрылысына қатысты халықаралық симпозиумда 2016 жылдың 8 айында Қытайдың Жібек жолының экономикалық белдеуі мен ХХІ ғасырдың Теңіз жібек жолының бойында орналасқан елдермен сауда алмасуы $600 млрд асып, жалпы сыртқы сауда айналымының 26% құраған.
2016 жылдың қаңтар – тамыз айларында ғана Қытай осы елдердің экономикасына түрлі қаржы мекемелері, оның ішінде Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі және Жібек жолы Қоры (2014 ж. $40 млрд көлемінде құрылған) арқылы $10 млрд жуық инвестиция жасаған. Осы ретте қытайлық кәсіпорындар жалпы инвестициясы $15,6 млрд мөлшерінде 50 астам сауда-экономикалық ынтымақтастық аймағын құрды, осының арқасында бұл елдерде «$900 млн салық түсімі алынды және 70 мыңға жуық жұмыс орны ашылды».
«Бір белдеу – бір жол» Қытайдың экономикалық мәселелерінен басқа (инфрақұрылымдық жобаларды бәсеңдету), сыртқы және ішкі саяси мәселелерін шешуге бағытталған. Геосаясатта бұл Оңтүстік Қытай теңізінде АҚШ-пен текетірес ушыға түскен жағдайда жабдықтау және экспорттаудың қосымша жолдары болып табылады.
Оның үстіне, Еуропаға апаратын теңіз жолдары бүгінгі қайтадан қауіпті аймаққа айналған Таяу Шығыс арқылы жатыр. Бағдарлама елдің ішінде индустриалды оңтүстік пен одан жағдайы нашарлау орталықтың және батыстың дамуы арасындағы теңгерімсіздікті жоюы тиіс.